"Экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары"тақырыбындағы Технологияларды коммерцияландыру диалог алаңы | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

"Экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары"тақырыбындағы Технологияларды коммерцияландыру диалог алаңы

Іс-шара Astana business campus, "KazakhExport" АҚ және "QazTrade"ақ сауда саясатын дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Кездесу барысында шетелдік нарыққа өнімді шығарудың практикалық мәселелері, сондай-ақ экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік тетіктері мәселесі талқыланды.

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компанияларының қызметі және өңдеу секторы экспорттаушыларының кәсіпорындарын қолдау туралы осы компанияның сақтандыру департаментінің директоры А. С. Маженова "бірыңғай терезе" шеңберінде шикізаттық емес экспортты қолдау шаралары туралы "QazTrade" ақ жобаларды дамыту департаменті директорының орынбасары А. Ж. Нұрғалиева хабарлады.

Диалог алаңының қорытындысы бойынша Ғылым қоры, Astana business campus, "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы мен "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларының шетелдік нарықтарға шығуына жәрдемдесу талқыланды.