КаzakhExport қызметкерлері қазақстандық "Dolce-Pharm" фармкомпаниясында болды. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

КаzakhExport қызметкерлері қазақстандық "Dolce-Pharm" фармкомпаниясында болды.

Жұмыс сапары аясында КаzakhExport өкілдері өндірістік алаңды аралап қарады және экспорттық бағыттардың даму келешегін талқылады. "Dolce-Pharm" сауда компаниясы медициналық мақсаттағы бір реттік бұйымдардың, кәсіптік шығыс материалдарының, дәрілік заттардың, бір реттік киімнің және төсек жабдығының ірі өндірушісі - "Dolce" ЖШС құрылтайшы қызметін кеңейту шеңберінде 2003 жылы ашылды. Компания елдің ішкі сауда саясатын пәрменді жүргізеді және экспорт географиясын кеңейту нысанасын көздейді.