16 ақпанда Түркістанда Түркістан облысының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

16 ақпанда Түркістанда Түркістан облысының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің кезекті отырысын Инвестиция және экспорт басқармасы және «Turkistan Invest» инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі аймақтық агенттігі ұйымдастырды. «KazakhExport» АҚ сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Маженова және өңірлік менеджер Айнұр Анесова қазақстандық өнімді экспорттаушыларды да, шетелдік сатып алушыларды да сақтандыру және қаржыландыру мүмкіндіктері туралы айтып берді. 2017 жылдан бастап түркістандық экспорттаушылар «KazakhExport» қоғамының құралдарын пайдаланып, жалпы сомасы 4,3 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алды.