«KazakhExport» СК» АҚ қызметкерлері жаттықтыру семинарының ұйымдастырушысы ретінде қатысты, онда Италияның мемлекеттік SACE кредиттік агенттігі сөз сөйледі | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» СК» АҚ қызметкерлері жаттықтыру семинарының ұйымдастырушысы ретінде қатысты, онда Италияның мемлекеттік SACE кредиттік агенттігі сөз сөйледі

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғампен Италияның SACE мемлекеттік экспорттық кредиттік агенттігі экспорт пен сауданы қаржыландыруды дамыту тақырыбы бойынша жаттықтыру семинарын өткізу туралы келісті.

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Қазақстан нарығындағы бірегейлігін назарға ала отырып, біліктілікті көтеру мен құзіреттілікті дамытуға бағытталған қызметтерді үйрету жұмыстарына үнемі үлкен көңіл бөлініп отырады.

Семинар барысында қатысушылар итальяндық агенттік қызметімен танысты, әлем практикасындағы экспортты қолдайтын қолданыстағы және жаңа құралдарды талқылады. Еуразиялық кеңістікте халықаралық сыртқы экономикалық жобаларды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар ОЭСР нормативтері, олардың экспорттық-кредиттік агенттіктер мен жалпы экспорттық кредиттеу саласының жұмысына ықпалы талқыланды.
Анықтама үшін:

SACE – экспорттық кредиттеу, жобалық қаржыландыру, кредиттерді сақтандыру, инвестицияларды қорғау, қаражат кепілдіктері, қамсыздандыру және факторинг салаларында жұмыс істейтін сақтандыру қаржы тобы. Топ, ақша ағыстарын тұрақтандыра отырып, даму мүмкіншілігі үшін компаниялардың қабілетсіздігі қатерін өзгерте отырып, 180-нен астам ел клиенттеріне қызмет көрсетеді. Дүние жүзі бойынша өкілдіктер желісі SACE негізгі дамушы нарықтарға қатысуға мүмкіншілік береді. Сондай-ақ SACE офистерінің бірі Мәскеу қаласында орналасқан және Ресей мен ТМД елдеріндегі компаниялармен жұмыс үшін негізгі болып табылады.