Аслан Қалигазин ҚР-дағы Тәжікстан елшісімен экспорт мәселелерін талқылады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Аслан Қалигазин ҚР-дағы Тәжікстан елшісімен экспорт мәселелерін талқылады

"KazakhExport" АҚ-тың Басқарма төрағасы Қазақстандағы Тәжікстанның елшісі Хайрулло Ибодзодамен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы шикізаттық емес экспорт және қазақстандық өнімдер мен қызметтерді Тәжікстан нарығына ілгерілету саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

2023 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан мен Тәжікстан арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында Душанбе қаласында Тәжікстанның ірі жүйе құраушы банктерімен бірқатар келісімдерге қол қойылған болатын. Екіжақты құжаттар ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық шикізаттық емес экспорттың өсуін ынталандыруға бағытталған.