«KazakhExport» және Шымкент экспортерлері ынтымақтастықты арттыру нүктелерін белгіледі.  | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» және Шымкент экспортерлері ынтымақтастықты арттыру нүктелерін белгіледі. 

KazakhExport" АҚ Басқармасының төрағасы Аслан Қалиғазин Шымкент қаласындағы өндіріс нысандарын аралады. Жұмыс сапарының шеңберінде кәсіпорындардың өкілдерімен қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтарға шығарылуына қолдау көрсету үшін KazakhExport-пен ынтымақтастықтың даму келешегі талқыланды және межеленді.

Атап айтқанда, А.Қалиғазин Sin Yuan Steel ЖШС металлургиялық комбинатының, "Стандарт цемент" ЖШС цемент зауытының, EcoPharm ЖШС медициналық бұйымдарды шығару зауытының, "Цветлит" ЖШС алюминий  созба сымын өндіру зауытының, "Зерде керамика" ЖШС керамикалық тақта және гранит өндіру зауытының, Аzala Textile ЖШС тоқыма комбинатының қызметімен және технологиялық мүмкіндіктерімен танысты.

Сапар аясында А.Қалиғазин Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаевпен де кездесті. Тараптар аймақтың экспорттық қуатын, экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар экспортын арттыруға бағытталған KazakhExport тетіктері мен механизмдерін талқылады.

Корпоративтік құжаттар