«Бәйтерек» холдингінде ұлттық мереке құрметіне марапаттау рәсімі өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» холдингінде ұлттық мереке құрметіне марапаттау рәсімі өтті

15 қарашада Астана қаласында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов Холдинг ұжымын ұлттық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Марапаттау рәсімі барысында 50-ден астам қызметкер түрлі марапаттарға ие болды. «Бәйтерек» холдингі мен еншілес ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хаттары, Экономика министрлігінің Құрмет грамоталары және Холдингтің Басқарма төрағасының Алғыс хаттары табыс етілді, сонымен қатар салтанатты рәсімде «Еңбек ардагері» құрмет медалі табысталды.

Марапатталғандардың қатарында "KazakhExport" ЭСК" АҚ қызметкерлері: Сақтандыру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев, Тікелей сақтандыру және қайта сақтандыру андеррайтингі департаментінің директоры Эльдар Қуанбаев, Кредиттік талдау департаментінің бас менеджері Айжан Сағиева, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі менеджер Әділет Мекеев.