«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да Донор күні ұйымдастырылды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-да Донор күні ұйымдастырылды

Бүгін, 25 қарашада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде «Донор күні» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – донор болуға шақыру, қажет қан мен оның компоненттерінің қорын ұлғайту, қайырымдылыққа бастау.

Холдингтің 139 қызметкері акцияға қатысып, оның 108-і қан тапсыра алды, ал қалғандары медициналық тұрғыдан сәйкес келмеді. Нәтижесінде шамамен 50 литр қан жиналды.

Сонымен қатар, жыл сайын өткізілетін осы акция аясында Холдинг қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар алу үшін ақшалай көмек көрсетті.

Қайырымдылық акциясына ат салысқан барлық қатысушылар мен донорларға алғыс білдіреміз.