Тәжікстанда Kazakh Export қолдау құралдары бойынша семинар өтті | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Тәжікстанда Kazakh Export қолдау құралдары бойынша семинар өтті

"KazakhExport" ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының экспортын қолдау тәжірибесін Тәжікстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері зерделеді. Тәжікстан Ұлттық Банкінің қолдауымен Душанбе қаласында экспортты қолдау құралдары бойынша семинар өтті.

Семинар барысында KazakhExport - бизнес-жаттықтырушы Анара Қабдуғалиева, Сауда-саттықты қаржыландыру жөніндегі бас менеджер Зульфия Мұратова, сондай-ақ Тәжікстандағы KazakhExport-тың шетелдік өкілі Рамеш Худоиев қатысушылармен қолдау құралдарын қолданудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстан Республикасындағы Kazakh Export кеңсесі 2019 жылы ашылған болатын. Осы кезеңде Қазақстаннан Тәжікстанға өнімдер мен қызметтер экспортын жүзеге асыратын өнеркәсіптің түрлі салаларының қазақстандық өндірушілерін қолдау бойынша бірқатар жобалар іске асырылды.