«KazakhExport» СК» АҚ Қырғыз Республикасының сауда миссиясының жұмысына қатысты, Бішкек қаласы | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» СК» АҚ Қырғыз Республикасының сауда миссиясының жұмысына қатысты, Бішкек қаласы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің экспорт және инвестициялар бойынша «Kaznex Invest» Ұлттық агенттігі Қырғыз Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп қазақстандық өнім мен қызметтерді сыртқы нарыққа шығару шаралары аясында 2015 жылдың 15-нен 17 маусымына дейін Бішкек қаласында сауда миссиясын өткізді.

Шараға Қазақстанның 28 ірі компаниялары және өз жобаларын жүзеге асыру үшін серіктестерді тартқысы келетін 40-тан астам компания мен Қырғызстанның мемлекет органдарының өкілдері қатысты. Қазақстандық кәсіпорындардың біразының өнімі осы мезгілде көршілес республика нарығына шыққан болатын, ал басқа жаңадан келген кәсіпкерлер өз тауарлары туралы енді ғана айта бастаған.

Екі жақты кездесулерде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдері қазақстандық өндіріс тауарларын сатып алушыларға арналған экспорттық-кредиттік қолдау көрсету басымдықтары туралы айтып берді. Бұдан басқа, Қырғыз инвестициялық-кредит банкі, Халық банк Қырғызстан, Оптима банк, Демир Кыргыз интернешнл банк, Халык банк Кыргызстан сияқты ұйымдар өкілдерімен 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы экспорттық сауда қаржыландыруы аясында өзара әрекет ету мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2014 жылы 1,0 миллиард АҚШ долларынан артықты құрады. Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт көлемі 705 миллион АҚШ долларын, импорта - 351 миллион АҚШ долларын құрады. Қырғызстанның жалпы тауар айналымында Қазақстанның меншікті салмағы Ресей мен Қытайдан кейін үшінші орынды алуды жалғастырып келеді. Қыргызстан Қазақстанға электр энергиясын, сүт тағамдарын, көкөністер мен жемістер, тірі мал, киім-кешек пен басқа да заттар жеткізеді. Қазақстаннан Қыргызстанға бидай, көмір, бидай ұны, өсімдік майы, органикалық емес химиялық заттар, минерал шикізат және басқалар жеткізіледі.