Алматы облысының кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Алматы облысының кәсіпкерлеріне экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

Алматы облысының Қонаев қаласында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, Инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері, сондай-ақ Қазақстанда инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша оқыту тренингі өтті.

Іс-шараны Алматы облысының әкімдігі "KazakhExport", "Qaztrade", "Qazindustry" және "Атамекен"ҰКП бірлесіп ұйымдастырды.

Тренинг барысында Алматыдағы "KazakhExport" өкілдігі директорының орынбасары Алмас Қалқаев қатысушыларға шикізаттық емес өнімдер экспортына бағдарланған кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді.

Ол атап өткендей, KazakhExport қазақстандық кәсіпкерлерге экспорттық қызметтің кез келген кезеңінде қолдау көрсетуді ұсынамыз, бұл шетелдік нарықтарда қазақстандық қамтудағы тауарлар мен қызметтердің қатысуын кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар отандық өнімді әлеуетті сатып алушылар шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді.