KazakhExport "Жасыл кеңсе" республикалық байқауының жеңімпаздары қатарында | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport "Жасыл кеңсе" республикалық байқауының жеңімпаздары қатарында

Елордада "Жасыл кеңсе" IV республикалық  байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау жасыл кеңселердің үздік экологиялық тәжірибелері мен ресурстарын үнемдеуді, сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасайтын корпоративтік бағдарламаларды насихаттауға арналған.

Байқау ұйымдастырушысы "Жасыл" экономика және G-Global дамыту коалициясы" сегіз номинация бойынша 100-ге жуық өтінім қабылдады. Оның ішінде Қазақстан экономикасының 26 көшбасшысының, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау және сервис мекемелерінің "жасыл" үлесі атап өтілді. Жеңімпаздар қатарында - KazakhExport.

Қызметкерлер үшін салауатты еңбек жағдайларын жасау бойынша күш-жігер, ресурстарды үнемдеудің заманауи тәсілдемелері, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бағаланды.