«АЗЫҚ-ТҮЛІК КОМПАНИЯСЫ» сауда желісі қазақстандық өндірушілерді бірлесіп қызмет атқаруға шақырады. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«АЗЫҚ-ТҮЛІК КОМПАНИЯСЫ» сауда желісі қазақстандық өндірушілерді бірлесіп қызмет атқаруға шақырады.

Ресей және Орал федералдық округінің озық азық-түлік ритейлерімен жұмыс жасайтын «АЗЫҚ-ТҮЛІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШҚ сауда желісінің өкілдері қазақстандық тауар өндірушілермен және экспорттаушылармен бірлесіп ынтымақтастық келешегін талқылау, кездесулер, келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға келді.

Кездесулер қазақстандық тауарлардың шикізаттық емес сегментін экспорттауды жылжыту мақсатында ұйымдастырылды. Келіссөздер 2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығында Алматы және Астана қалаларының  KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының алаңдарында өткізіледі.

Іссапар шеңберінде «АЗЫҚ-ТҮЛІК КОМПАНИЯСЫ» сауда желісінің өкілдері қазақстандық өнім берушілермен экспорттық контрактілер жасасу және олардың пулдарын арттыру ниетін білдірді. Сондай-ақ сауда желісімен фокустық санаттар белгіленген – макарон, ұн, күріш және өзге де азық-түліктер.

«Қазіргі сәтте импорттаушылар тарапынан KazakhExport атынан қорландыру үшін экспорттық саудалық қаржыланыруды пайдалану мәселесі талқылануда. Аталмыш шара аккредитив бойынша қазақстандық өнім берушілермен есеп айырысу барысында тауарды жөнелтуден кейін 3-5 күн ішінде төлемақыны жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін төлемақы шарттары және тәуекелдерді азайту бөлігінде қолайлы болып табылады», - деп айтты Александр ЦЫГАНКОВ, KazakhExport –тың Екатеринбург қаласындағы шетелдік өкілі.

«АЗЫҚ-ТҮЛІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШҚ алкогольсіз газдалған сусындарды, консервацияларды, жармаларды сату бойынша «Бест-лидер» компаниясының тобына кіретінін атап өту керек. «АЗЫҚ-ТҮЛІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШҚ сауда нүктесінде қатысу арқылы тиімді басқаруға мүмкіндік беретін жеке мерчендайзинг қызметін иеленеді, ритейлердің барлық өңірлік және федералдық желілерімен жұмыс жасайды: Пятерочка, Магнит, Ашан, Метро, Окей, Лента, Верный, Спар, Монетка, Светофор, Самокат, Кировский, Яблоко және басқалар.