KazakhExport KGIR-2022 қатысушысы болды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport KGIR-2022 қатысушысы болды

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ өкілдері азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық және өңірлік мәселелері, сондай-ақ жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (Kazakhstan Global Investment Roundtable, KGIR-2022) шеңберінде ҚР Ауыл шаруашылығына инвестициялардың өсуін ұлғайту мәселелерін талқылады. KGIR-2022 панельдік сессиясының модераторы "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаев болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, сондай-ақ жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 500-ден астам өкілі, инвесторлар, салалық министрліктер басшыларының сарапшылары, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты.

KGIR 2022-мемлекет пен халықаралық бизнес-қоғамдастық арасындағы өзекті мәселелер талқыланатын Қазақстанның басты инвестициялық алаңдарының бірі.

Сонымен қатар, (форум аясында) KazakhExport қызметкерлері экспорттық қызметтің барлық кезеңдерінде шикізаттық емес тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтып берді.

chat Кеңес ал!