Қазақстан Үкіметі «KazakhExport» ЭСК» АҚ-қа 210 млрд теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік берді | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қазақстан Үкіметі «KazakhExport» ЭСК» АҚ-қа 210 млрд теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік берді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қыркүйектегі № 739 қаулысымен «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-қа 10 жыл қолдану мерзімімен 210 млрд теңге сомаға экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен «KazakhExport» ЭСК» АҚ арасында 29 қыркүйек айында № 5ГГД028 кепілдік шарты жасалды. Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі Қоғамға қосымша сақтандыру міндеттемелерін одан әрі қабылдау мақсатында сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту үшін ұсынылады.

Қолда бар сыйымдылық шегінде сақтандыру портфелінің деңгейін сақтау Қоғам сенімділігінің жоғары дәрежесін және тиісінше оған екінші деңгейдегі банктер, халықаралық қаржы институттары және шетелдік экспорттық-кредиттік агенттіктер тарапынан сенімді сақтайды. Осының салдарынан шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық экспорттаушылары экспорттық қызметті іске асыру кезінде Қоғамның қаржылық қолдауын ала алады. Атап айтқанда, Қоғам сақтандыруымен халықаралық қаржы институттарынан және ірі коммерциялық банктерден ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту, өзінің шетелдік контрагенттерін саудалық қаржыландыруға сүйену, өзінің экспорттық келісімшарттары бойынша қаржылық тәуекелдерді төмендету және экспортты қолдау бойынша Қоғамның басқа да құралдарын қолдану мүмкіндігін алады.

Қазіргі уақытта Қоғам бұдан бұрын алған экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігінің сомасы 412,2 млрд теңгені құрайды.