Қазақстандық локомотивтер «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандыру қолдауы арқылы Әзірбайжанға экспортталуда | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстандық локомотивтер «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам сақтандыру қолдауы арқылы Әзірбайжанға экспортталуда

Экспорттық жеткізілімді «Қазақстан Даму Банкінің» еншілес ұйымы – «ҚДБ-Лизинг» және «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ арасында қол қойылған қаржылық лизинг туралы келісіміне сәйкес қазақстандық «Локомотив құрастыру зауыты» іске асыруда.

Аталмыш жобаны «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына сәйкес қазақстандық экспорттаушыларды қолдау аясында және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы шеңберінде «ҚДБ-Лизинг» серіктестігі «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyкомпаниясымен бірлесіп іске асырып отыр.

Бұл келісімнің іске асырылуында негізгі рөлді қазақстандық кәсіпорынға коммерциялық және саяси қатерлерден сақтандыруды қамтамасыз еткен, соның нәтижесінде шетел нарығына шығуды қамтамасыз етіп, 10 дана отандық локомотивтердің экспорттық жеткізілуінің қауіпсіздігіне кепілдік берген «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyсеріктестігі орындады.

Одан бөлек бұл жобада отандық экспорттаушыға «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары келісімнің түгел мерзіміне құрылымдау, қаржыландыру және сақтандырушылық көмек сияқты қызметтердің барлық түрін ұсынды. Еске салайық, Қазақстан үшін бұл лизингтік қаржыландыру схемасы бойынша халықаралық дәрежедегі алғашқы экспорттық келісім.

Баршаларыңызға сенім артқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз және болашақта нәтижелі ынтымақтастыққа үміт артамыз!

Анықтама: «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazakhExport» экспорттық-несиелік сақтандыру компаниясы» АҚ нарықта 2003 жылдан бастап жұмыс жасайды (бұрынғы атауы – «Экспорттық несиелер және инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру комапниясы»). «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyшикізаттық емес қазақстандық экспорттаушылардың мүдделерін саяси және коммерциялық қауіп-қатерлерден сақтандыру арқылы қорғайтын бірегей мамандырылған сақтадыру компаниясы болып табылады.