Павлодар кәсіпкерлеріне қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Павлодар кәсіпкерлеріне қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді

Павлодар қаласына жұмыс сапары барысында KazakhExport өкілдері жергілікті өндірістік компанияларды аралап, кәсіпкерлерді қолдау құралдарының мүмкіндіктерімен таныстырды.

KazakhExport қызметін Қазақстанның шикізаттық емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алатынын атап өткен жөн. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Қазақстанның әрбір өңіріне жеке менеджер бекітілген, оған KazakhExport-тың сақтандыру арқылы қолдау тәсілдері туралы ақпарат алу үшін хабарласуға болады.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнес өкілдері өз қызметінде тап болатын өзекті мәселелер талқыланды.