«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басшылығымен кездесу | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басшылығымен кездесу

«KazakhExport» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдері «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басшылығымен кездесті. Кездесуді Маңғыстау облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырды.

Кездесу барысында экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер экспортының өсуін мемлекеттік қолдау және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес қолдау практикасын қалыптастыру нормалары түсіндірілді.

Кездесуге қатысушылар «Ақтау теңіз порты» АЭА қызметімен танысты.  Өз кезегінде, KazakhExport Сақтандыру департаментінің директоры Алмагуль Маженова шикізаттық емес өнімдерді экспорттауға бағытталған кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шаралары мен механизмдері туралы ақпаратпен бөлісті.

#kazakhexport