«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам және SACE кооперацияның жаңа мүмкіндіктерін зерттеу туралы келісімге қол қойды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам және SACE кооперацияның жаңа мүмкіндіктерін зерттеу туралы келісімге қол қойды

2015 жылдың 3 қарашасында Шанхай қаласында Берн одағының Прага клубының жыл сайынғы кездесуі аясында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы – «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам және «SACE» Италия мемлекеттік экспорттық-несиелік агенттігі алдағы әріптестікті ынталандыру, техникалық көмек көрсету, екі агенттік арасында сараптамалар мен консультациялар өткізу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Одан бөлек, келісім Италия мен Қазақстан арасында әлеуетті синергетикалық байланыстарды және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтау арқылы сауданы дамытуға және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған. 

Техникалық ынтымақтастық аясында қол қойылған құжат «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам және SACE компаниялары арасында экспорттаушыларды қолдауды жетілдіру бойынша бірқатар инновациялық әдістемелер бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.