Онлайн – семинар: «Кәсіпкерге мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?» | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Онлайн – семинар: «Кәсіпкерге мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?»

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы серіктес компаниялармен бірлесіп, қазақстандық кәсіпкерлерді ZOOM платформасындағы тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.

Сабақ бизнес иелеріне, жоғары буын басшыларына, қаржы директорларына, даму директорларына және басқа да мүдделі мамандарға пайдалы болады.

Семинар келесі сұрақтарды қамтиды:

  • «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTrade» ССДО» АӨ, «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ компанияларынан қалай қолдау алуға болады?
  • Жеңілдікті қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру).
  • Банктерде кредит беру кезінде кепілзат жетпесе не істеу керек?
  • Шетелдік нарықтарға шығу кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
  • Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелдермен келісімшартты қалай жасасуға болады?
  • Жаңа жабдықты экспорттау/енгізу кезінде шығындардың бір бөлігін қалай өтеуге болады?
  • Өз өніміміңізді қалай куәландыруға/тегін кеңес алуға болады және тағы басқаларға.

Қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/1k6BTrbUf8Srat2n6

Семинар басталғанға дейін бір күн бұрын ZOOM конференциясына қатысу үшін тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаға сілтеме жіберілетін болады

Басталу уақыты: сағат 11-00 (өткізу кестесіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)

Ұзақтығы: 1-1,5 сағат.

Қыркүйекке арналған онлайн-семинарлардың кестесі:

Өңір/Қала

Онлайн семинар күні

Ақтөбе облысы

6 қыркүйек 2022

Маңғыстау облысы

13 қыркүйек 2022

Атырау облысы

20 қыркүйек 2022

Батыс Қазақстан облысы

27 қыркүйек 2022

Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласыңыз: +7-701-710-97-53 Анар Қабдуғалиева, «KazakhExport» ЭСК» АҚ бизнес-тренері.