«KazakhExport» АҚ - ның делегациясы Баку қаласында стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық мәселелерін талқылады. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» АҚ - ның делегациясы Баку қаласында стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Баку (Әзірбайжан) қаласына жұмыс сапары барысында «KazakhExport» АҚ  Басқарма Төрағасының орынбасары Мұқажанов Қуаныш және халықаралық ынтымастастық департаментінің директоры Бекбасов Арман қазақстандық экспорттық-бағдарланған кәсіпорындармен бірге жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер өткізді және KazakhExport-тың қаржылық және сақтандыру мүмкіндіктерін ұсынды, ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келешекті талқылады.

Атап айтқанда, делегациямен кездесулер өткізілді және тамақ өнімінің негізгі дистрибьюторларымен және Әзірбайжан Республикасының озық компаниялары-импорттаушыларымен тікелей байланыстар орнатылды.


  • Azersun (Bazarstore сауда жүйесі),
  • VEYSELOGLU (Araz сауда жүйесі),
  • Agro West (А+ сауда жүйесі), дистрибьютор ретінде елдегі сауда нүктелерінің 67% жабады.
  • Avrora групп (Euromart, Bolmart сауда жүйесі)
  • АНК ГРУПП (Rahat супермаркеттер желісі, Баку қаласының әр түрлі аудандарында 68 нарық)
  • AZRIB (дистрибьютор)

 Кездесу қорытындысы бойынша  импорттаушылардың сұрауына байланысты күріш, ұн, астық дақылдары, мұздатылған тауық балапан еті, кондитерлік өнімдер, қойылтылған сүт, май өнімдері, шырын өндіруші компаниялардан коммерциялық ұсыныстар құрастырылуда.

Сондай-ақ электр автомобильдеріне арналған қуаттау станциялары, оның ішінде  SOCAR және Vendors list/аккредиттелген өнім берушілер арасынан шыққан компаниялармен, сондай-ақ сорғы штангісі мен мұнай саласындағы өзге де өнімдерді әлеуетті сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Pasha Bank –пен ынтымақтастық үшін лимит орнату және Pasha Холдингтің өзге де жұмыс бағыттары бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр.