Қостанай облысында Өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қостанай облысында Өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті

Қостанай облысының әкімдігі орталық мемлекеттік органдар мен облыстық басқармалардың, "KazakhExport" АҚ, "QazIndustry" АҚ және "QazTrade" АҚ өкілдерімен бірлесіп, өңірлік экспорттаушылар кеңесінің отырысын өткізді.

Отырыс барысында "KazakhExport" АҚ сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Маженова қатысушыларға шикізаттық емес өнімдерді экспорттауға бағытталған кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндірді. Сондай-ақ, KazakhExport өкілдері өңірге жұмыс сапары барысында жергілікті өндірістік компанияларды аралады.

Іс-шараға ҚР Индустрия және сауда министрлігі, QazTrade және QazIndustry өкілдері қатысты.