«KazakhExport» «Мектепке жол» акциясына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» «Мектепке жол» акциясына қатысты

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы бастау алды. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес компаниясы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының қызметкерлері қайырымдылық іс-шараға қатысты. Балаларға рюкзактар мен кеңселік керек-жарақ жиынтықтары сыйға тартылды.

«Мектепке жол» акциясы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен басталғанын еске сала кетейік. Балалар жылында ол «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтуде. Акция 2022 жылдың 31 тамызына дейін жалғасатын болады.

Акцияға барлық ниет білдірушілер: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және басқалар қатыса алады: Қатысушылар мұқтаж отбасыларға және балаларға қолдау көрсетіп, сондай-ақ көмек сұрай алады.