«KazakhExport» ЭСК» АҚ қызметкері электрлі мотоциклге көшті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭСК» АҚ қызметкері электрлі мотоциклге көшті

«KazakhExport» ЭСҚ» АҚ Департаменттері бірінің Директор орынбасары Асхат Молжигитовтың жұмысқа, үйге дейінгі, жеке істері бойынша сапарлары жылдам әрі қызықты ғана емес, сонымен қатар экологиялық таза сапарларға айналды.  Биыл ол жоғары жылдамдыққа деген құштарлығы мен қоршаған ортаға ұқыпты қарау көзқарасын үйлестіре отырып, электрлі мотоцикл сатып алды. 

«Мен астанамызды, әсем қаламызды өте жақсы көремін. Оның таза ауасымен дем алғанды ұнатамын және мен үшін экологияны сақтауға кішігірім болса да, жеке үлесімді қосу маңызды. Сондықтан байк таңдау кезінде мен техникалық сипаттаманың экологиялық құрамдасын да басшылыққа алдым», - деді Асхат Молжигитов.

KazakhExport қызметкері өз таңдауы жөнінде өкінбейді және өзінің электрлі мотоциклінің тек артықшылықтарын көреді.

«Бір заряд 60-70 шақырымға жетеді. Бұл маған жұмысқа келуге, үйге қайтуға және қажет болған жағдайда күні бойы жұмыстарыммен барып келуге жеткілікті. Бұл бензинмен жүруден, ауаны «түтіндеткеннен» және жолдарда шу шығарудан гөрі әлдеқайда тиімді. Сонымен қатар, қызмет көрсетуге шығын шығару іс жүзінде қажет емес, бұл отбасылық бюджетті үнемдейді. Болашақ электр көлігінде, яғни салауатты экологияда және әрқайсымыздың денсаулығымызда екеніне сенімдімін», - деп түйіндеді Асхат Молжигитов.

Естеріңізге сала кетейік, «KazakhExport» ЭСК» АҚ әлеуметтік жауапты ұйым ретінде орнықты даму қағидаттарын басшылыққа алады және әлеуметтік-экономикалық және экологиялық даму арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізуге тырысады, сондай-ақ БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын қолдайды. 2019 жылы компания Орнықты даму саясатын қабылдады. Саясатқа сәйкес Қоғам белгілі бір бағыттар бойынша өзі үшін ұзақ мерзімді бағдарлар белгіледі және орнықты даму мәселелерін Қоғамның бизнес-процестеріне кіріктіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.