Кәсіпкерлерге шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Кәсіпкерлерге шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мұқажанов Алматы мен Алматы облысына жұмыс сапары аясында бірқатар өндірістік компанияларға барды.

Атап айтқанда, компания басшысының орынбасары "Шин-Лайн" балмұздақ пен тамақ өнімдерінің өндірістік-сауда компаниясы, "Сарыбұлақ" құс фабрикасы, "Цин-Қаз" жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны, QazSpirit қауымдастығы, "Аралтұз" тағамдық және техникалық тұз өндірушісі, "Alina Group" құрылыс материалдарының өндірістік-сауда компаниялары және "Alprof" алюминий профилі, "Atasu Group" логистикалық компаниясы, "Zeta" жиһаз, пластик және металл өнімдерін өндіретін  компания сияқты кәсіпорындардың қызметімен, өндірістік әлеуетімен және технологиялық қуатымен, сондай-ақ өндірілген өнім үлгілерімен танысты.

Алматы қаласындағы KazakhExport өкілдігінің директоры Дәурен Нұрановпен бірлесіп, Мұқажанов мырза кәсіпкерлерді KazakhExport-тың қолдау құралдарымен шетелдік нарықтарда отандық тауарлардың болуын кеңейту мүмкіндіктерімен таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, KazakhExport қазақстандық кәсіпорындарға экспорттық қызмет кезінде туындайтын қаржылық тәуекелдерді қабылдау бөлігінде қолдау ұсынады, бұл қазақстандық өнімді әлеуетті сатып алушылар шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, KazakhExport шетелдік нарықтарға шығу кезінде шетелдік контрагенттердің сенімділігіне тексеру жүргізеді. KazakhExport қызметтерін Қазақстанның шикізаттық емес тауарларды өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алады.