Шымкент қ. кәсіпкерлеріне шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шымкент қ. кәсіпкерлеріне шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді

Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында KazakhExport өкілдері жергілікті өндірістік компанияларды аралап, кәсіпкерлерді қолдау құралдарының мүмкіндіктерімен таныстырды және жаңадан бастаушы, жұмыс істеп жүрген және тәжірибелі экспорттаушы компаниялар үшін бизнес-практикум өткізді.

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы Сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Маженова:

«Біз қазақстандық кәсіпкерлерге экспорттық қызметтің кез келген кезеңінде қаржылық-сақтандыру қолдауын ұсынамыз. Бұл шетелдік нарықтарда қазақстандық тауарлар мен қызметтердің болуын кеңейтуге, тиісінше отандық өнімді әлеуетті сатып алушылар шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, экспорт алдындағы қаржыландыру жеңілдікті қаржыландыру алуға және шетелдік әріптес сақтандыру арқылы қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда қазақстандық экспорттаушының шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді».

Жұмыс сапары барысында екінші деңгейдегі банктердің қызметкерлерін экспорттаушыларға қолдау көрсету өнімдері бойынша оқыту және «QazTrade» - «Ақылды экспорт 2.0» бизнес - практикумы шеңберінде қазақстандық өндірушілер үшін семинар өтті.».