Қазақстандық май жасаушылар әлемдік нарыққа шығу барысында | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қазақстандық май жасаушылар әлемдік нарыққа шығу барысында

Күнбағыс майының қазақстандық экспорты осы маусымда 180 мың тоннадан асып түсуі мүмкін. Бұл 2020-2021 жылдардағы маусымға қарағанда екі есе артық. Мұндай оптимистік болжамды «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимов береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өткен жылы экспорт көлемі екі есеге жуық өсті және ақшалай түрде ондаған миллион АҚШ долларын құрап отыр. Қазақстанның өсімдік майы экспортын одан әрі ұлғайту әлеуеті бар.

Я. Ибрагимовтың айтуынша, қазіргі уақытта отандық май зауыттарының қуаты 35%-дан кем жүктелген, бұл мұндай көлемді оңай өндіруге мүмкіндік береді. Жалпы, саланың өнім өндірісі мен экспортын арттыру тұрғысынан келешені жақсы болмақ.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі майлы дақылдардың егіс алқаптарын 3,6 млн гектарға дейін ұлғайту міндетін қойып отыр. Қазіргі уақытта майлы дақылдар 3 млн гектардан астам жерді алып жатыр. Бұл бүкіл АӨК жағдайына да оң әсерін тигізеді, себебі майлы дақылдар өндірісінің тиімділігі, мысалы, дәнді дақылдарды өсірумен салыстырғанда айтарлықтай жоғары», – деп атап өтті Ядыкар Ибрагимов.

Экспорттаушы мен шетелдік сатып алушы арасындағы мәмілелерге кепілдік беруді қоса алғанда, түрлі құралдарды қамтитын мемлекеттік қолдау отандық өндірушіге экспорттық жеткізілімдер көлемін сенімді арттыруға көмектеседі.

Мысалы, «Өскемен май зауыты» ЖШС бір жылдан астам уақыт ішінде 1 500 тонна өнім сата отырып, үш экспорттық келісімшартты сәтті орындады.

«Біздің басқа елдердегі клиенттеріміз бізді әлі жақсы білмейді және ақша аударудан қорқады. Бұл кезде бізге өз ақшасын аударатын «KazakhExport» ұлттық компаниясы іске қосылады. Біз өнімді жөнелткеннен кейін, клиент «KazakhExport»-пен есеп айырысады, ол осылайша біздің шартымызға кепіл болады. Біз алдын ала төлемді алып, өз міндеттемелерімізді алаңдаусыз орындаймыз, ал клиенттер «KazakhExport»-тан сақтандырумен тауар алады», - дейді компанияның коммерциялық директоры Виктор Семин.

Оның пікірінше, «KazakhExport»-пен ынтымақтастық экспорттаушылар, соның ішінде өсімдік майын экспорттаушылар үшін үлкен плюс.

«KazakhExport» қатысуының арқасында біз өткізу нарығымызды кеңейтеміз, ал біздің клиенттеріміз тауарды жеткізу бойынша да, оның сапасы бойынша да міндеттемелерді орындау кепілдігін алады», деп атап өтті Виктор Семин.

«Kaz-Ir AGRO» ЖШС – Қазақстандағы Жапонияға тамақ өнімдерін жеткізуші алғашқы компания. Қазақстандық экспорттаушы Жапонияға мақсары майын экспорттауға 2018 жылы келісімшарт жасаған. «KazakhExport» «Қарызды сақтандыру» өнімі бойынша 1 млрд теңге сомаға сақтандыру қорғанысын ұсынды, соның есебінен компания шикізат сатып алуға кредит желісін тартты.

«Біздің май шетелде үлкен сұранысқа ие. Үздік экспорттаушы ретінде бір жыл бұрын біз беделді республикалық «Алтын сапа» марапатымен марапатталдық. Қазақстандықтар мақсары майының пайдасы туралы әлі жеткілікті хабардар емес. Ол сапасы мен тағамдық құндылығы жағынан зәйтүн майынан кем түспейді. Біздің май Еуропада жоғары бағаланады: Чехия, Германия және Нидерланды, сондай-ақ Қытайға да май жеткіземіз», - деп хабарлады компанияның бас директорының орынбасары Марина Фетисова.

Қазақстанда өсімдік майын өндіру қарқынды дамып келеді. 40-тан астам кәсіпорын осы өнімді экспорттайды.

«Біздің еліміздегі май зауыттарының 75% - дан астамы Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының құрамына кіреді және біз ортақ күш-жігерімізбен Орта Азия, Ауғанстан және Қытай сияқты дәстүрлі өткізу нарықтарынан басқа экспорттық шекараларды кеңейтудеміз. Байланыс орнатуға және отандық өнімді іске асыру үшін жаңа экспорттық бағыттарды табуға көмектесеміз. Бұл ретте біз трейдерлермен жұмыс істемейміз, тек өнім өндірушілермен жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта май-тоң май өнімдерінің экспорты оның өндірісінің өсуіне сай өсіп келеді. Әсіресе, сол уақытта майлы дақылдар тұқымдарын қайта өңдеу пайызын ұлғайту есебінен осы тұқымдардың экспорты қысқаратыны қуантады. Май зауыттары жүктемесінің өсуі өз кезегінде дайын өнімнің өзіндік құнына және сәйкесінше оның бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді», - деп атап өтті Қауымдастық төрағасы Ядыкар Ибрагимов.

Экспорттаушыларға қолдау көрсету құралдарының жинағы мыналарды қамтиды: экспорттық кредиттерді және дебиторлық берешекті сақтандыру, «KazakhExport» өтеміне инвестициялық қарыз тарту, аккредитивтерді сақтандыру және шетелдік сатып алушыны қаржыландыру, «KazakhExport» өтеміне айналым капиталын тарту және т.б. Экспорттық циклдің кез келген кезеңінде қолдау көрсетуге арналған барлығы 18 құрал.

2016 жылдан бастап «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тың еншілес компаниясы қазақстандық экспорттаушыларға 622,4 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетті. Экспорттаушыларға жалпы сомасы 116,1 млрд теңгеге сауда және экспорт алды қаржыландыру ұсынылды.