Қызылордада шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары талқыланды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қызылордада шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары талқыланды

Қызылорда қаласының кәсіпкерлеріне шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді. KazakhExport өкілдері өңірге жұмыс сапары барысында жергілікті өндірістік компанияларды аралады, кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты және қазақстандық экспорттаушылар пайдалана алатын қолдау құралдарымен таныстырды.

Атап айтқанда, KazakhExport қазақстандық кәсіпорындарға экспорттық қызмет кезінде туындайтын қаржылық тәуекелдерді қабылдау бөлігінде қолдау ұсынады, бұл шетелдік нарықтарда өзінің қатысуын кеңейтуге, тиісінше қазақстандық өнімді әлеуетті сатып алушылар шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, KazakhExport шетелдік нарықтарға шығу кезінде шетелдік контрагенттерді сенімділікке тексеруден өткізеді». KazakhExport қызметін Қазақстанның шикізаттық емес тауарларды өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алады.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнес өкілдері өз қызметінде тап болатын өзекті мәселелер талқыланды.