«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды

«ҚазЭкспортГарант» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қоғамның Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.

Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімдеріне сәйкес («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының 04.02.2016 жылғы № 04/16, 11.02.2016 жылғы № 05/16 хаттамасы):

2016 жылғы 04 ақпаннан бастап:

1) Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі – Қоғамның Жалғыз акционерінің өкілі Тулеушин Қаныш Аманбайұлының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды;
2) Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі – Қоғамның Жалғыз акционерінің өкіліболып Ибрагимова Ляззат Еркінқызы сайланды;

2016 жылғы 15 ақпаннан бастап:
1) Қоғамның Басқарма төрағасы Садықов Еркін Тоқмұхамедұлының өкілеттіктері тараптардың келісімі бойынша 15.02.2016 жылдан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды;
2) Қоғам Басқармасының төрағасы болып Искаков Руслан Викторович тұтас Қоғам Басқармасының өкілеттіктер мерзімі аяқталғанға дейінгі өкілеттіктер мерзімімен сайланды;
3) Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамы Директорлар кеңесінің 5 (бес) мүшесі болып белгіленді;
4) Садықов Еркін Тоқмұхамедұлының Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды;
5) Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болып Искаков Руслан Викторович, Қоғам Басқармасының төрағасы, тұтас Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі аяқталғанға дейінгі өкілеттіктер мерзімімен сайланды;
6) Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі – Қоғамның Жалғыз акционерінің өкіліболып Мәдиев Сержан Нұраханұлы тұтас Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі аяқталғанға дейінгі өкілеттіктер мерзімімен сайланды;
7) Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болып тәуелсіз директор ретінде Сүйінтаев Дамир Серікбайұлы тұтас Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі аяқталғанға дейінгі өкілеттіктер мерзімімен сайланды.

Бұған қоса, Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес (25.02.2016 жылғы № 101 хаттама) Қоғамның Директорлар кеңесінің төрайымы болып Ибрагимова Ляззат Еркінқызы сайланды.

Сөйтіп, Қоғам Басқармасының құрамына Басқарманың мына мүшелері кіреді:

1) Басқарма төрағасы Искаков Руслан Викторович;
2) Басқарма төрағасының орынбасары Бекхожин Ердан Ерланұлы;
3) Басқарма төрағасының орынбасары Исмаилов Төлеген Төлеуқанұлы.

Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы мынадай құрамда қалыптастырылды:

1) Директорлар кеңесінің төрайымы Ибрагимова Ляззат Еркінқызы;
2) Директорлар кеңесінің мүшесі Мәдиев Сержан Нұраханұлы;
3) Директорлар кеңесінің мүшесі Искаков Руслан Викторович;
4) Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор Сүйінтаев Дамир Серікбайұлы;
5) Директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор Бейсембаева Назира Жамбылқызы.

Қоғамды корпоративтік басқаруға қатысты мәселелер бойынша Қоғамның корпоративтік хатшысы Альфия Давлетоваға хабарласа аласыздар.