Орал мен Ақтөбе кәсіпкерлеріне тауар экспортын қолдау шаралары ұсынылды
«KazakhExport» АҚ Орал мен Ақтөбеде өткен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысты. Кәсіпкерлерге шикізаттық емес экспортты қолдау құралдары – импорттаушыларды тексеру, сақтандыру, қаржыландыру және басқа да қызметтер туралы айтылды.
Көрме-конкурсқа қатысушылар экспорттық операцияларды жүргізудің ерекшеліктері, тәуекелдерді хеджирлеу, қаржыландыру алу туралы кеңестер алды. «KazakhExport» өкілдерінің пікірі бойынша, мұндай кездесулер бизнес аудиторияның шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдауын алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттырып қана қоймай, кәсіпкерлерді сыртқы өткізу нарықтарына шығуына ынталандырады.
«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының ұйымдастырушысы - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Конкурсқа қатысушылар - Қазақстан аумағында өнеркәсіптік, азық-түліктік тауарларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіретін және өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі жақсарту бойынша оң нәтижелері бар кәсіпорындар.