Онлайн – семинар: "Кәсіпкерге мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?» | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Онлайн – семинар: "Кәсіпкерге мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?»

"KazakhExport" ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы серіктес компаниялармен бірлесіп, қазақстандық кәсіпкерлерді ZOOM платформасындағы тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.

Сабақ бизнес иелеріне, жоғары басшыларға, қаржы директорларына, даму директорларына және басқа да мүдделі мамандарға пайдалы болады.

Семинар келесі сұрақтарды қамтиды:

  • "KazakhExport" ЭСК" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ, "QazTrade" ССДО" АҚ, "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ компанияларынан қалай қолдау алуға болады.
  • Жеңілдікті қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру).
  • Банктерде несие беру кезінде кепілзат жетпесе не істеу керек?
  • Шетелдік нарықтарға шығу кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
  • Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелдермен келісімшарт жасасуға болады?
  • Жаңа құрылғыны экспорттау/енгізу кезінде шығындардың бір бөлігін қалай өтеуге болады?
  • Өз өнімдеріңізді қалай сертификаттауға/тегін кеңес алуға болады және тағы басқалары.

Қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/BCHBNcyJbcH7nwZRA

Семинар басталғанға дейін бір күн бұрын ZOOM конференциясына қатысу үшін тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға сілтеме жіберілетін болады

 Онлайн-семинарлардың кестесі: 15 шілде мен 6 қыркүйек аралығында (толығырақ төмендегі кестеде)

Басталу уақыты: сағат 11-00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)

Ұзақтылығы: 1-1, 5 сағат.

Аймақ / Қала

Онлайн-семинар күні

Түркістан облысы

15 шілде 2022

Қызылорда облысы

19 шілде 2022

Жамбыл облысы

26 шілде 2022

Абай облысын қоса алғанда, Шығыс Қазақстан облысы

29 шілде 2022

Ақтөбе облысы

16 тамыз 2022

Маңғыстау облысы

23 тамыз 2022

Атырау облысы

26 тамыз 2022

Батыс Қазақстан облысы

6 қыркүйек 2022

Сұрақтар туындаған жағдайда, "KazakhExport" ЭСК" АҚ бизнес – тренері Анар Қабдуғалиеваға +7-701-710-97-53 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз.