Түркістан облысының өңірлік экспорттаушылар кеңесінің отырысы | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Түркістан облысының өңірлік экспорттаушылар кеңесінің отырысы

"KazakhExport " ЭСК " АҚ Түркістан облысының өңірлік экспорттаушылар кеңесінің отырысына қатысты

Түркістан облысының инвестиция тарту және экспортты дамыту жөніндегі "Turkistan Invest" өңірлік агенттігі өңірлік экспорттаушылар кеңесінің отырысын ұйымдастырды. Оған Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай, Мемлекеттік органдардың, "KazakhExport "ЭСК" АҚ, "QazTrade "ССДО" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қаржы институттарымен жұмыс жөніндегі дирекция өкілдері, сондай-ақ облыстың инвестициялық жобаларының ресми өкілдері қатысты.

Отырыс шеңберінде "KazakhExport" Сақтандыру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев және компанияның аймақтық өкілі Айнұр Анесова қатысушыларға қазақстандық экспорттаушылар пайдалана алатын қолдау құралдарын ұсынды, екіжақты кездесулер өткізді және одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары мен практикалық аспектілері бөлігінде жергілікті кәсіпорындармен келіссөздер жүргізді.

Экспорттаушы KazakhExport қолдауымен экспорт алдындағы қаржыландыруды, төлемдерді кейінге қалдыру бойынша сақтандыруды, банктік кепілдіктерді және басқа да қызметтер мен өнімдерді ала алады. Сонымен қатар, KazakhExport шетелдік нарықтарға шығу кезінде шетелдік контрагенттердің сенімділігіне тексеру жүргізеді.
Түркістан облысының тауар айналымы 2022 жылдың 4 айында $428,8 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% - ға жоғары ($418,3 млн). Осы кезеңде Түркістан облысынан экспорт көлемі 16,4% - ға өсіп, $264,2 млн құрады. Шикізаттық емес экспорттың оң динамикасына келесі көрсеткіштердің артуы жатқызылған: ІҚМ етін жеткізу - $12,84 млн, немесе 309,4%, қой етін - $5,36 млн, немесе 788,2%, балық еті - $1,23 млн, немесе 96,1%, трансформаторлар - $1,01 млн, немесе 23,5%, бидай ұны - $0,56 млн немесе 14,7%. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі