Қостанай қаласындағы экспортқа бағытталған кәсіпорындардың басшыларымен экспортшыларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру үшін кездесу өтті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қостанай қаласындағы экспортқа бағытталған кәсіпорындардың басшыларымен экспортшыларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру үшін кездесу өтті

2016 жылғы 15 наурызда Қостанай қаласының әкімдігінде әкімдіктің,  «ҚазЭкспортГарант» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның, «KAZNEX INVEST» экспорт жөніндегі Ұлттық Агенттігінің, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ-ның және  «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің отандық экспортшы-кәсіпорындардың басшыларымен кездесуі болып өтті.

Кәсіпкерлердің назарына «ҚазЭкспортГарант» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қаржы операторы ретінде экспорттық сауданы қаржыландыру және 2015-2019 жылдарға арналған МҮИИД шеңберінде төлемді кейінге қалдыру шарттарымен тауарларды шетелге жеткізуді ұлғайту операцияларын қолдау жөніндегі мемлекеттік қолдау көрсету шаралары ұсынылды. 

Кездесуге Қостанайдағы «Баян-Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасының президенті Тимур Садықов та қатысты, ол«ҚазЭкспортГарант» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның негізгі клиенттерінің бірі бола отырып, «ҚазЭкспортГарант»бағдарламаларына қатысудағы өзінің сәтті тәжірибесін атап өтті.