Маңғыстау облысының кәсіпкерлері қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шараларымен таныстырылды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Маңғыстау облысының кәсіпкерлері қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шараларымен таныстырылды

KazakhExport өкілдері "Атамекен" өңірлік палатасының қолдауымен "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрмесі аясында ұйымдастырылған "Өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту перспективалары" пленарлық сессиясына қатысты.

Сессия шеңберінде іс-шараға қатысушыларға қазақстандық экспорттаушылар пайдалана алатын KazakhExport-тың қаржылық-сақтандыру қолдау құралдары таныстырылды, сондай-ақ қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.