KazakhExport қызметкерлері сенбілікте 38 қап қоқыс жинады | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport қызметкерлері сенбілікте 38 қап қоқыс жинады

"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясының ұжымы сенбілікке қатысты. Компания қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылы бойындағы орман алқабының аумағын тазалап, 38 қап қоқыс жинады.

Сенбілік 25 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында компанияның Орнықты даму саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында өтті. "KazakhExport" әлеуметтік-жауапты компания ретінде орнықты даму қағидаттарын өзінің басымдықтарының бірі ретінде қояды және экологиялық қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне көп көңіл бөледі.