Атырау облысында Өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Атырау облысында Өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті

 Атырау облысында өңірдің экспорттаушылары, әкімдік, «KazakhExport» ЭСК» АҚ және «QazTrade» АҚ өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңес отырысы өтті.

Экспорттаушылар үшін Ақылды экспорт 2.0 оқыту бағдарламасы шеңберінде «Экспорттаушылар үшін пайдалы ақпарат көздері» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында Қазақстанның ғана емес, басқа да елдердің пайдалы ақпараттық-аналитикалық порталдары көрсетілді.

 Облысқа жұмыс сапары аясында «KazakhExport» және «QazTrade» өңірдің экспортқа бағдарланған кәсіпорындары - «Атырау кабель зауыты (АКЗ)» ЖШС, «КасХим» ЖШС, «BRANDO» ЖШС/»Медстарэкспорт» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС, «Атырау Chevron полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС, «АтырауМұнайМаш» ЖШС, «РГК-Каспий» ЖШС және «KPI Inc.» ЖШС үшін консультациялар өткізді.