Тәжірибе алмасу: KazakhExport экспортқа қолдау көрсету бойынша семинар өткізді | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Тәжірибе алмасу: KazakhExport экспортқа қолдау көрсету бойынша семинар өткізді

"KazakhExport" ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының экспортқа қолдау көрсету тәжірибесін Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы экспорт және Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы экспортты ілгерілету жөніндегі агенттіктердің өкілдері зерттеді.

Кездесу барысында KazakhExport қызметкерлері қатысушыларға қолдау көрсету құралдарымен, оның ішінде сауданы қаржыландыру және экспортты сақтандыру құралдарын қолданудың практикалық тәжірибесімен таныстырды.

Семинар аясында тараптар экспорттың, тәуекелдер андеррайтингінің, қызметтерді цифрландырудың және халықаралық тәжірибенің бірқатар құқықтық аспектілерін талқылады.

Семинар соңында қатысушылар ОА елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, кездесудің экспорттық-кредиттік агенттіктер арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігі ретінде маңыздылығын атап өтті.

"KazakhExport" ЭСК" АҚ - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларға түрлі қаржы-сақтандыру құралдары арқылы қолдау көрсету.