Онлайн – семинар: «Кәсіпкерге мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?» | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Онлайн – семинар: «Кәсіпкерге мемлекеттік қолдауды қалай алуға болады?»

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы серіктес компаниялармен бірлесіп, қазақстандық кәсіпкерлерді ZOOM платформасындағы тегін онлайн-семинарларға қатысуға шақырады.

Сабақ бизнес иелеріне, жоғары буын басшыларына, қаржы директорларына, даму директорларына және басқа да мүдделі мамандарға пайдалы болады.

Семинар келесі сұрақтарды қамтиды:

  • «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTrade» ССДО» АӨ, «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ компанияларынан қалай қолдау алуға болады?
  • Жеңілдікті қаржыландырудың қолданыстағы бағдарламалары (инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру).
  • Банктерде кредит беру кезінде кепілзат жетпесе не істеу керек?
  • Шетелдік нарықтарға шығу кезінде тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
  • Шетелде сатып алушыны қалай табуға/ең аз тәуекелдермен келісімшартты қалай жасасуға болады?
  • Жаңа жабдықты экспорттау/енгізу кезінде шығындардың бір бөлігін қалай өтеуге болады?
  • Өз өніміміңізді қалай куәландыруға/тегін кеңес алуға болады және тағы басқаларға.

Қатысу үшін келесі сілтеме бойынша тіркелу қажет: https://forms.gle/BCHBNcyJbcH7nwZRA 

Семинар басталғанға дейін бір күн бұрын ZOOM конференциясына қатысу үшін тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаға сілтеме жіберілетін болады

Онлайн-семинарлардың графигі: 31 мамыр мен 30 маусым аралығында (толығырақ төмендегі кестеде)

Басталу уақыты: 11-00 сағ

Ұзақтығы: 1-1,5 сағат.

Өңір/Қала

Онлайн семинар күні

Ақмола облысы

31 мамыр 2022

Нұр-Сұлтан қ.

07 маусым 2022

Солтүстік Қазақстан облысы

14 маусым 2022

Қарағанды облысы

21 маусым 2022

Қостанай облысы

24 маусым 2022

Павлодар облысы

30 маусым 2022

Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласыңыз: +7-701-710-97-53 Анар Қабдуғалиева, «KazakhExport» ЭСК» АҚ бизнес-тренері.