«KazakhExport» ЭСК» АҚ пен «QazTrade» ССДО" АҚ-тың «Бизнестің экспорттық нарыққа шығуы» тақырыбындағы мастер-классы | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭСК» АҚ пен «QazTrade» ССДО" АҚ-тың «Бизнестің экспорттық нарыққа шығуы» тақырыбындағы мастер-классы

Қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Onim көрмесі аясында «Бизнестің экспорттық нарыққа шығуы» тақырыбында мастер-класс өтеді, оны сіз үшін «KazakhExport» ЭСК» АҚ пен «QazTrade» ССДО АҚ-тың белсенді және жаңа бастаған экспорттаушылармен жұмыс тәжірибесі бар өкілдері өткізеді.

▪ Халықаралық нарықтарда өнімді ілгерілетудің жылдам әрі тиімді құралдарына қалай қол жеткізуге болады?
▪ Шетелдік нарықтарға шығу кезіндегі тәуекелдерді қалай азайтуға болады?
▪ Шетелде сатып алушыны қалай табуғаең аз тәуекелдермен қалай келісімшарт жасасуға болады?
▪ Экспорттау кезінде шығындардың бір бөлігін қалай өтеу керек?

Ulttyq Onim көрмесінің барлық келушілері үшін кіру тегін.
Күні: 21 мамыр 2022 ж.
Уақыты: 12:45
Өтетін орны: Тәуелсіздік, 52 мекенжайы бойынша Нұр-Cұлтан қ. Тәуелсіздік сарайы

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 20 мамырында елордалық Тәуелсіздік сарайында қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Onim атты дәстүрлі ірі көрмесі ашылды, ол 20-22 мамыр аралығында өтеді. Көрмені ұйымдастырушы - "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры. Көрмеде азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы компаниялары, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнімдер өндірушілері ұсынылды. Олардың барлығы "Даму" қоры арқылы мемлекеттік қолдауға ие болды.