KazakhExport қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Onim ірі көрмесіне қатысады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Onim ірі көрмесіне қатысады

Көрмеге 350-ден астам қазақстандық өндіруші, соның ішінде KazakhExport ұлттық экспорттық-сақтандыру компаниясы қолдау көрсеткен экспорттаушы компаниялар қатысады.

Бүгін елордамыздың Тәуелсіздік сарайында 20-22 мамыр аралығында қазақстандық өндірушілердің Ulttyq Onim дәстүрлі ірі көрмесі ашылды. Көрмені ұйымдастырушы - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры.

Көрменің ашылуына ҚР премьер-министрі А. Смайылов, ҚР Ұлттық экономика министрі А. Қуантыров, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қ. Шарлапаев, «Даму» КДҚ» АҚ Басқарма төрағасы Г. Бурибаева, сондай-ақ парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Көрмеде азық-түлік, құрылыс, жиһаз және тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы компаниялары, мамандандырылған техника мен жабдықтар, кәдесый және полиграфиялық өнім өндірушілері ұсынылды. Олардың барлығы «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдауға ие болды.

Қатысушылар қатарында KazakhExport компанияның түрлі қаржылық-сақтандыру және қаржылық емес құралдары арқылы қолдау көрсеткен экспорттаушы-компаниялар бар. Олардың ішінде: «Радуга» ЖШС, «Арко Групп 2011» ЖШС, «Dolce Pharm» ЖШС, «Асыл Арман» ЖШС, «Қайнар» АКБ» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Шай орталығы» ЖШС, «№ 1 нан-сүт комбинаты» ЖШС, «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ ЖШС, «МАЛУ» СҮ» ЖШС, «КАМЕРТОН» КОМПАНИЯСЫ» ЖШС, «Белес-Агро» ЖШС, «EURASIA INVEST LTD» ЖШС, «Масло – Дел» ЖШС, «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС, «Alina Group» ЖШС, «KAZ-IR AGRO» ЖШС, «Жаңа Әлжан ұн тарту комбинаты» ЖШС, «Мибеко» ЖШС және басқалары.

Естеріңізге сала кетейік, көрме аясында 21 мамыр сағат 12:45-те «Бизнестің экспорттық нарыққа шығуы» тақырыбында мастер-класс өтеді, оны сіз үшін «KazakhExport» ЭСК» АҚ және «QazTrade» ССДО АҚ-тың белсенді және жаңа бастаған экспорттаушылармен жұмыс тәжірибесі бар өкілдері өткізеді.