Тараз кәсіпкерлеріне шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Тараз кәсіпкерлеріне шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді

Тараз қаласының кәсіпкерлеріне шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді. KazakhExport өкілдері өңірге жұмыс сапары барысында жергілікті өндірістік компанияларды аралады, кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты және қазақстандық экспорттаушылар пайдалана алатын қолдау құралдарымен таныстырды.

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының Сақтандыру департаментінің директоры Алмагүл Маженова: «Біз экспорттық қызмет кезінде туындайтын қаржылық тәуекелдерді қабылдау бөлігінде қаржылық-сақтандыру қолдауын ұсынамыз. Бұл отандық кәсіпкерлерге шетелдік нарықтарға өз қатысуын кеңейтуге, тиісінше қазақстандық өнімді әлеуетті сатып алушылар шеңберін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, KazakhExport қолдауымен экспорт алды және саудалық қаржыландыруды алуға, тапсырыс беруші тарапынан төлемеу тәуекелін және басқа да қызметтерді сақтандыруға болады. Сонымен қатар, шетелдік нарықтарға шығу кезінде шетелдік контрагенттерді сенімділікке тексеруден өткіземіз».

А. Маженова KazakhExport қызметін Қазақстанның шикізаттық емес тауарларды өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алатынын атап өтті. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Қазақстанның әрбір өңіріне жеке менеджер бекітілген, оған KazakhExport-тың сақтандыру арқылы қолдау тәсілдері туралы ақпарат алу үшін хабарласуға болады.

Кәсіпкерлермен кездесу барысында бизнес өкілдері өз қызметінде тап болатын өзекті мәселелер талқыланды.