НҰР-СҰЛТАНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

НҰР-СҰЛТАНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ЭКСПОРТТАУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы Қазақстан экспорттаушыларының бірінші форумына қатысты. Форумды ұйымдастырушы – «QazTrade» АҚ-пен бірлесіп Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Сауда және интеграция министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері, салалық министрліктердің басшылары, отандық өндірушілер мен шикізаттық емес сегменттің экспорттаушылары қатысты.

KazakhExport Басқарма төрағасы Аслан Калигазин өз баяндамасында Форум қатысушыларына компания қызметінің негізгі нәтижелерін, қазақстандық шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық-сақтандыру шараларын және қолдау құралдарын тиімді пайдалану мысалдарын таныстырды.

Ол KazakhExport экспорттық циклдің барлық кезеңдерінде экспортты қолдаудың сақтандыру қаржылық шараларын ұсыну есебінен сыртқы нарықтарда шикізаттық емес сегменттің қазақстандық экспорттаушыларына қолдау көрсету бойынша қазақстандық сақтандыру нарығындағы жалғыз ұйым болып табылатынын атап өтті.

 «Бүгінгі таңда KazakhExport іс жүзінде экспорттық-кредиттік агенттік болып табылады. KazakhExport-тың меншікті капиталы 113 млрд теңгені құрайды. 2016 жылдан бастап компания 603 млрд теңге сомаға қолдау көрсетті. Экспорттаушыларға жалпы сомасы 116,1 млрд теңгеге сауда және экспорт алды қаржыландыру ұсынылды. ҚазақЭкспорттың сақтандыру өтемақысына қаржы институттарынан 2016 жылдан бастап 345,7 млрд теңге тартылды», - деді А. Калигазин.

2021 жылы 204,7 млрд теңге сомаға қолдау көрсетілді. 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 50%-дан астам. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 93 қазақстандық экспорттаушы-өндіруші KazakhExport қолдауына ие болды, оның ішінде 26 экспорттаушы біздің қызметтерімізді алғаш рет пайдаланды.

KazakhExport қолдау құралдарын тиімді қолданудың табысты мысалдары ретінде отандық компаниялардың нәтижелері келтірілген. Мәселен, KazakhExport-тың қолдау құралдарын қолдануы «СарыарқаАвтоПром» автоөндірушісі экспортының 2018 жылғы 1,2 млрд теңгеден 2022 жылы 35,3 млрд теңгеге дейін өсуіне ықпал етті.

«Баян Сұлу» АҚ экспорты 2009 жылғы 600 млн теңгеден 2021 жылы 9,5 млрд теңгеге дейін өсім көрсетті. Сонымен қатар, «Баян Сұлу» АҚ 40-тан астам импорттаушымен экспорттық жеткізілімдерді жолға қойған. Бүгінде компания өнімдері Түрікменстан, Моңғолия, Ресей, Германия сияқты елдерге экспортталады.

Экспорттаушы компаниялардың жетістіктері құрмет грамоталарымен атап өтілді. «Еуропаға терезе ашу» номинациясы бойынша грамота «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС-ге еуропалық нарыққа табысты шығуы, қазақстандық экспортты дамытқаны және KazakhExport-пен тиімді ынтымақтастығы үшін табыс етілді. KazakhExport-тың сақтандыру арқылы қолдау көрсетуі аясында компания өнімдері Италия, Литва, Польша, Грекия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдерге экспортталады.

«Экспорттың кең географиясы» номинациясы бойынша грамота «Қайнар-АКБ» ЖШС-ге жемісті еңбегі, жоғары стандарттарға ұмтылысы және қазақстандық экспортты дамытуға қосқан үлесі үшін табыс етілді. KazakhExport-тың сақтандыру арқылы қолдау көрсетуі аясында компания өнімдері Италия, Ресей, Грузия, Армения, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және басқа да көптеген елдерге экспортталады.

Анықтама:

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету.

«Қайнар АКБ» ЖШС - аккумуляторлық батареялар өндіретін толық технологиялық цикл  кәсіпорны. Батареялардың барлық құрамдас бөліктері - бөлшектер мен толымдаушыларды құюдан бастап дайын өнімді жинауға дейін зауытта шығарылады.

Hoffmann аluminium сауда маркасымен «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС - алюминий профильдерін экструзиялауға маманданған жетекші кәсіпорын. 

 

«KazakhExport» ЭСК» АҚ байланыс ақпараты:

Ақпарат және коммуникациялар департаменті

Айгуль Касенова, +7 700 545 02 01 a.kassenova@kazakhexport.kz