АНОНС: Астанада экспорттаушылардың бірінші форумы өтеді | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

АНОНС: Астанада экспорттаушылардың бірінші форумы өтеді

Іс-шараға қатысуға ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты экспорттаушыларды қолдау Бағдарламаларының қатысушылары шақырылады

Форум барысында Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов құттықтау сөз сөйлейді.

Бизнеспен кездесуге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев пен «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысады.

Кәсіпкерлерге «QazTrade» АҚ (экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық емес шаралары бойынша бірыңғай терезе) және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ ұсынатын экспорттаушыларды қолдаудың мемлекеттік шараларының құралдары таныстырылады. АХҚО әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов «Астана халықаралық қаржы орталығының» халықаралық сауданы жүргізу мүмкіндіктері туралы айтып береді.

Форум шеңберінде экспорттық акселерация және Gold Supplier 2022 бағдарламасының жаңа қатысушылары, сондай-ақ отандық экспорттаушы компаниялардың табысты кейстері ұсынылады.

 

Сондай-ақ, форум барысында өз өнімдерін сыртқы нарықтарға табысты ұсынатын қазақстандық компаниялардың көрмесі өтеді:

1

AFilter.kz

Полипропилен су сүзгілері

2

  Т"Biotech karal» ЖШС

Жануарларға арналған дайын жем-шөп өндіру

3

«ФАИЗ» ЖШС

Алкогольді майлықтар

4

«Investment Reengineering Company» ЖШС

Пошта жәшіктері, ақпараттық стендтер, кірме нөмірлеу, пәтерлік нөмірлеу, кірме навигация

5

"BIO еlite" ЖШС

Bio Elite жеміс-жаңғақ бар

6

  "KondiZ" ЖШС

Азық-түлік өнімдері

7

«Аврора» зауыты

Тұрмыстық химия және косметика өндірісі және дистрибьюциясы

8

«ZTOWN Development»

Көрнекі құлақ тегтері, радиожиілікті құлақ тегтері

9

«Полезные продукты/Healthy foods»

Биоогурттар-емдік-профилактикалық әсері бар пробиотиктер

10

"TOP ENERGY KZ" ЖШС

TOP ENERGY тағамдық барлары

11

«Baittravel» ЖК

Балаларға арналған пластикалық дизайнер

12

«Концерн Bakarassov» ЖШС

Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру

13

"Tartu Pro" ЖШС

Қақталған қой еті және басқа да деликатестер өндірісі

14

«Мед столичный натуральный» ЖК

Бал өндірісі

15

  "ИнДорТех" ЖШС

Химиялық өнімдер өндірісі

16

 «Зеренда» асыл тұқымды шаруашылығы

ешкі сүтінен жасалған сүт өнімдері

17

Dolce ЖШС басқарма төрағасы

Медициналық бұйымдар

Көрмеге қатысушылар форумға дейін БАҚ-қа түсініктеме беруге дайын

Форум 2022 жылғы 14 мамырда сағат 09:30-13.00-де өтеді

Мекенжайы: Мәңгілік Ел көшесі 55/19, блок С.3.3. Іс-шара Нұрсұлтан қаласында өтеді,

Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ аккредитация үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +77017010134 – Жанна Сисембаева, + 7701 7320331 –  Юлиана Жихорь

Ақпарт сайттан алынды >>