«Находка» сауда желісі Қазақстаннан өнім берушілер мен серіктестерді іздестіруде | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Находка» сауда желісі Қазақстаннан өнім берушілер мен серіктестерді іздестіруде

Татарстан, Башқұртстан, Удмуртия және Киров облысында 150-ден астам дүкені бар «Находка» сауда желісінің өкілдері Қазақстанға қазақстандық экспорттаушылармен кездесулер, келіссөздер және ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін іссапармен келді.

Кездесулер шикізаттық емес сегменттегі қазақстандық тауарлар экспортын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Келіссөздер қоса алғанда 2022 жылғы 25-27 сәуір аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы KazakhExport ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясының алаңдарында өтіп жатыр. Іссапар аясында «Находка» желісінің өкілдері экспорттық келісімшарттар жасасуға және қазақстандық өнім берушілер пулын кеңейтуге ниетті.

Атап айтқанда, сауда желісі фокустық категорияларды – алма, пияз, ұн, макарон, кондитерлік өнімдер, шай, шырын, ет, ет деликатестері, сондай-ақ желінің сауда сөрелерінде ұсынылуы мүмкін басқа категорияларды белгілейді.

 «Қазіргі уақытта импорттаушы KazakhExport-тың қорландыруымен экспорттық сауда қаржыландыруын пайдалана отырып, Ресей банкінде лимитті талқылау барысында. Бұл шара қазақстандық өнім берушілермен есеп айырысу кезінде төлемнің аккредитивті нысанын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді», - деді Ренат Қалиев, Ресей Федерациясының Волжск федералдық округіндегі KazakhExport-тың шетелдік өкілі.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың еншілес компаниясы және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы. Компанияның негізгі міндеті – отандық шикізаттық емес экспорттаушыларына түрлі қаржы құралдары арқылы қолдау көрсету. Ренат Қалиев, Татарстан Республикасындағы KazakhExport өкілі. Қазан қаласындағы кеңсе 2018 жылы өзара сауданы ынталандыру, жаңа нарықтарды игеруге дайын экспорттаушыларға сақтандыру қолдауын көрсету үшін ашылды.

Анықтама:

«Находка» - 2015 жылы құрылған, күнделікті келуші саны 150 мың адам болатын дүкендер желісі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Находка» желісінің тауар айналымы 22,9 млрд рубльді құрады.

chat Кеңес ал!