KazakhExport экспортқа қолдау көрсетуді үйлестіру жөніндегі семинарға қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport экспортқа қолдау көрсетуді үйлестіру жөніндегі семинарға қатысты

"QazTrade" АҚ Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID бағдарламасымен бірлесіп экспортқа қолдау көрсетуді үйлестіру бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар экспортты дамыту және ілгерілетудің бағыттары мен тәсілдемелерін талқылады.


Орталық Азиядағы сауда жөніндегі USAID бағдарламасы өңірдегі сауда саласындағы өзара іс-қимылды жақсартуға және Орталық Азия өңірі елдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Оның ішінде кедендік және шекаралық бақылау рәсімдерін үйлестіру, сауда және инвестициялар мәселелерінде мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы әріптестікті нығайту, коммерциялық кәсіпорындар арасындағы шекарааралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ сауда саласындағы гендерлік мәселелерді шешу арқылы жүзеге асырылады.


Сондай-ақ, бағдарламада сертификаттау, маркетинг, қаржы, көлік-логистика және тауарларды экспорттауға қажетті басқа да қызметтер сияқты сауданы ілгерілету қызметтерін жеткізушілердің экожүйесін дамытуды ынталандыруды көздейді. Бұл Орталық Азия кәсіпорындарының тауарлардың құны мен сапасына қатысты сатып алушылардың талаптарын қадағалау бойынша әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.